Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 11.05.2023
Әлемдік қаржы ұйымы өкілдері Шымкент қаласы әкімдігімен "Жасыл қала"бағдарламасын талқылау үшін арнайы келген. Яғни, қаланың инфрақұрылымына жасыл энергетиканы енгізу, экологиялық ортаға жүктемені азайтуды мақсат ететін маңызды жобаларды қарастыру ниеті бар. Ал "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Банкпен 2008 жылдан сенімді серіктес, сондықтан қаржы ұйымының өкілдері жұмыс-сапарының бағдарламасына кәсіпорынға баруды о бастан енгізгенін жеткізді. Оған қоса, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жасыл технологияны халыққа қызмет көрсету бағытында бұрыннан енгізіп, бүгіндей айтарлықтай жетістікке жетіп отыр. Яғни, қоршаған ортаны жақсарту бойынша жүйелі жұмыс істейді.
Сапар барысында ЕҚҚДБ
өкілдері кәсіпорынның Бас директоры Анарбек Орманмен кездесті. Жетекші банкир
Майра Қарасаева "Жасыл қала" бағдарламасы және жасыл жобаларды
цифрландыру туралы ойымен бөлісті. Өз кезегінде Анарбек Оңғарұлы ЕҚҚДБ-мен
түзілген алтыншы келісім-шарт негізінде мүмкін болған «Қалалық тазарту құрылғылары
кешенін» кеңейту жұмыстары туралы айтты. Өндірісті жаңғырту бойынша
жоспарланған жұмыстар жалпы ел көлемінде, оның ішінде Шымкенттегі инженерлі
желілердің ескіруі проблемасын, сондай-ақ "Тарифті инвестициямен алмастыру"
бағдарламасы туралы сөз қозғады.
Банк делегациясы
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметінің жұмысын
да көрді. Қонақтар кәсіпорынның өндірістік процестерін цифрландырудың барысын
байқады. Бас директордың орынбасары Жанатбек Тұрдалиев олардың барлық
сауалдарына жауап берді. Осы күні қонақтар Шымкенттің кәріз-тазарту құрылғылары
кешенінде де болды.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты