Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 15.05.2023
Бүгінде заң бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың коммуналдық қызмет ақысын ішінара өтеу шаралары бар.
"Осы орайда елімізде мұқтаж азаматтардың коммуналды қызметтерге жұмсалған шығындарын өтеу үлесі орта есеппен – 52,8%. Аталған тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттен төленетінін, сондай-ақ оны тағайындаудың белгіленген ережелері бар екенін айта кетейік. Ал өтелетін шығындардың шекті деңгейі мен тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін жергілікті мәслихаттар бекітетінін ескерген жөн", - дейді министрлік мамандары.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл бірінші тоқсанда 372 млн теңгеден аса қаражатқа 17 мың отбасы тұрғын үй көмегін алды. Жалпы, соңғы 4 жылда 174 мыңнан астам азамат шамамен 5 млрд теңгедей сомаға тұрғын үй көмегіне ие болған. Осы ретте әлеуметтік аз қамтылған отбасының табысы (мысалы 4 адамнан тұратын отбасыны алғанда) бір адамға шаққанда шамамен 25 798 теңгені, ал тұтастай отбасына есептегенде 103 192 теңгеден аспауға тиіс.Былтыр өтемақы мөлшері мен үміткерлердің санын ұлғайтатын өзгерістер енгізілді. Қазақстанда орта есеппен 1 миллионнан астам адам коммуналды қызметтердің жартысын ғана төлей алады екен. Алайда осы жеңілдікті халықтың 5 проценті ғана пайдаланып отыр.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.8%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.0%
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты