Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.05.2023
Қазақстан Республикасы Су кодексінің нормалары мен қағидаларына және басқа да нормативті-құқықтық құжаттарға сәйкес, суды есепке алу құралдарын тексеру аралық интервалға сәйкес жүргізілуі тиіс. Қызмет көрсетуші "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тұтынушыға тексеру мерзімі аяқталар алдын 30 күн бұрын арнайы хабарлама беріп, тексеру жүргізілетінін ескертеді.
Егер тұтынушы су
есептегіш құралын тексеру туралы хабарламаны елемесе және көрсетілген 30 күн
ішінде тексертпесе, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 24 маусымда
бекіткен үлгілік шарттың 20-тармағына сәйкес,"тексерудің белгіленген
мерзімі өткеннен кейін есептеу құралы техникалық талаптарға сәйкес келмейді деп
табылып, коммерциялық есептен автоматты түрде алынады", яғни, тұтынушыда
су өлшегіш құралы жоқ деп саналады. Келесі айда тұтынылған қызмет үшін
есептеулер соңғы үш айдағы шығыстың орташа көрсеткіші бойынша жүргізілетін
болады, ал ай аяқталғаннан кейін ауыз су беру тоқтатылады, өйткені үлгілік
шарттың 27-тармағына сәйкес, "әр тұтынушының су есептегіш құралы болуы
тиіс, сондай-ақ заңнамада ҚР табиғи монополияларды реттеу субъектісі белгілеген
техникалық талаптарды орындауға міндетті» екені жазылған.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты