русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 17.05.2023

Қаланың аумағы кеңейіп, жаңа аудандарға, қосылған елдімекендерге орталық су құбыры желісі тартылуда. Орталық магистральға қосылу, су өлшегіш құралын орнату сияқты техникалық мәселелерді шешкеннен кейін тұрғындар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен сумен қамту және шайынды су бойынша қызмет көрсету жөнінде келісім-шарт түзуі керек.

Шарт түзу және тұтынылған қызмет түрлері бойынша есеп айырысу үшін жеке шот ашуда тұтынушы міндетті түрде бірқатар құжаттар тапсырады. Бұл мынадай құжаттар: жер учаскесінің акті, egov.kz порталынан меншік құқығын растайтын үзінді көшірме, жеке куәліктің көшірмесі және суды өлшегіш құралының фотосуреті (маркасын анық көрсетіп, нөмірлік белгісін де түсіру керек). Осы құжаттармен тұрғылықты жердегі дилерлік учаскеге немесе "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не бару керек (Мекенжайы: Орманов көшесі, 17). Келісімшарт түзу және дербес шот ашу ұзақ уақытты алмайды.

Егер тұтынушының жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаты болмаса, тұтынушымен сумен қамту және кәріз қызметін ұсыну бойынша келісім-шарт түзілмейді.

Дилерлік учаскелердің мекенжайларын біліп алыңыздар:

Қайнар бұлақ шағынауданы, Қайнар бұлақ саяжай алабы, Асар-2 ш/а, Нұршуақ, Достық, ш/а. Күншығыс оазисі тұрғындары үшін дилерлік учаске мекенжайы: Сырым батыр көшесі, 1174 учаскесі ("Высоковольт" аялдамасы, Стоматология ғимараты). Анықтама телефоны: +77078709873.

Ынтымақ-1,2,3, Нұршуақ шағынаудан тұрғындары үшін  дилерлік учаске келесі мекенжайда орналасқан: Жаңатұрлан елдімекені, Галицин көшесі, н/ү. анықтама телефоны:+77027704433.

Жаңаталап, Игілік, Қосбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қызылжар тұрғын алабы тұрғындары үшін дилерлік учаскесі Қалдаяқов көшесі, 9 мекенжайында орналасқан. Анықтама телефоны: +77013001454.

Құрсай, 156 және 283 кварталдар, Жаңақұрылыс (Қарабастау), Ақтас және Ақжар шағынаудан тұрғындары үшін дилерлік учаске келесі мекенжайда орналасқан: Забадам ауылы, Б.Саттарханов көшесі, н/ү (су тарту). Анықтама телефоны: +77058474947.  МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗДАР!


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары