русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 17.05.2023

Тұран ауданында жыл соңына дейін тұрғындарды 100% сапалы қызметпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қазіргі уақытта Құрсай шағын ауданында су құбырының құрылысы 95% - ға аяқталды. Билік маусым айының соңына дейін осы елді мекеннің тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етілетініне сенімді,- деп жазады Отырар.кз. Су магистралінің құрылысы 95% - ға аяқталды, нысанды маусым айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Шенеуніктер шағынауданды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылысшылар елді мекенде жол төсеуге кірісетінін айтқан.
"Бізде магистральдың бұл бөлігі бірінші кезең аясында салынды. Бүгінде мұнда 400-ден астам тұрғын үй ауыз сумен қамтамасыз етілген. Құрылыстың екінші кезеңінде халықты сумен қамтамасыз ету 95 пайызға жетті. Мұнда құбырды сақиналау бойынша бір проблема болған. Бүгінде мәселе шешілді", - дейді Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Ермеғали Жаңазат.
Қазір Құрсай шағынауданында су құбыры құрылысының соңғы кезеңі жүріп жатыр. Дұрыс ресімделген құжаттары бар 600 үйдің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. "Жұмыстың 5 пайызы қалды. Қазір мұнда резервуар орнатылып жатыр. Екінші кезеңде су беру үшін сорғы станциясы қосылады. Осы жұмыстар аяқталған соң, маусым айында біз суды толық жеткізе аламыз. Мұнда негізінен жаңа учаскелер және олар орталықтандырылған желіге қосылатын болады", - дейді Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Ермеғали Жаңазат.
Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, шағынауданның 22 мыңнан астам тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі су құбыры құрылысының екінші кезеңі-2021 жылы басталған. 
Бүгінде Шымкентте 81 елдімекен бар, оның 78-і ауыз сумен қамтылған. Үш елдімекенде — Құрсай, Қайнарбұлақ және Сайрамда - су әзірге кесте бойынша беріледі. Қазір Шымкентте алты сумен жабдықтау нысаны салынуда .


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары