русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 19.05.2023

Соңғы уақытта "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәріз желілері бойынша  қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері, сынақ зертханасының мамандары ағынды су - кәріз жүйесіне тастауға болмайтын заттарды заңсыз төгу жәйттерін көптеп тіркеуде. Мысалы, кәріз желісіне мал сою цехтарының қалдықтары, жануарлардың қаны, ішек – қарны ағызылатын жағдайлар жиіледі. Мұндай мал соятын орындардың көбі қаланың жеке секторында орналасқаны белгілі. Аталған заңсыз әрекеттер инженерлі инфрақұрылымға және қалалық ағынды су тазарту құрылғылары кешенінің жұмысына қауіпті, үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар, осындай заңсыз әрекеттерге байланысты кәріз желісі бітеледі, соның салдарынан жақын аумақтарды су басуы мүмкін. Мұның бәрі Шымкент тұрғындарының өзіне қолайсыздықтар туғызады. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі мұндай фактілерді байқасаңыз, кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметіне хабарласуыңызды сұрайды. Біздің тарапымыздан мұндай жағдайлардың жолын кесу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ, қала тұрғындарынан ассенизаторлы машиналардан қалалық кәріз желісіне қалдық, ағынды төгу фактілерін байқаған жағдайда хабарласуларын сұраймыз. Мұндай әрекет әкімшілік құқық бұзушылық болып есептеледі. Олар сондай-ақ дренаж жүйесін бітейді. Кәрізге азаматтардың денсаулығы мен қалалық экологиялық ортаға қауіп төндіретін өте улы заттардың төгілетін жағдайлардың болатыны да мамандарды алаңдатып отыр. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ОДҚ телефондары: 321-274;+77081102121. Сондай-ақ, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі кәсіпорынның аккаунттарына хабарласып, whatsapp-қа да жаза аласыз:+77057581111. Анықталған жағдайларды, ассенизаторлы автокөліктердің нөмірлерін фото және видеоға түсіріп жіберсеңіздер болады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары