Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 18.05.2023
Экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова баяндама жасады. Бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдері жекелеген аспектілер бойынша есеп берді. Мемлекет басшысы экологиялық қауіпсіздікке қауіп төндіретін табиғи және антропогендік факторларға қарсы күрестің өзектілігін атап өтті. Соңғы жылдары көптеген ел үкіметтері экологияны жақсарту, "жасыл" экономикаға көшу және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша түбегейлі шаралар қабылдауда. Егер Біз дені сау ұрпақты қаласақ, таза елде өмір сүргіміз келсе және осы тұрғыда дұрыс шешім қабылдағымыз келсе, біз де солардың жолын ұстануымыз керек", – деді президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы шұғыл шешуді талап ететін экологиялық саладағы проблемаларға назар аударды. "Кеңестік кезеңнің мұрасы болып қалған көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары, ескі көмір электр станциялары мен қазандықтар экологиялық жағдайдың нашарлауына негіз", – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Президент облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар басшыларының назарын стихиялық полигондарды жою және қоқысты қайта өңдеуде жақсы нәтиже жоқтығына аударды. Президент экономиканың барлық салаларында, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенде суды ұтымды пайдалануға және шығындарды азайтуға жүйелі жұмыс қажет екенін айтты. "Біздің тікелей міндетіміз – халықтың ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз ету және оны болашақ ұрпақ үшін сақтау. Бұл бағытта жан – жақты шаралар қабылдау керек", - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Президент еліміздің басқа өңірлеріне тарату мақсатында Қарағанды облысының Шет ауданында егістіктерді жандандыру және мал шаруашылығын дамыту үшін жерді рекультивациялау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру тәжірибесін егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.7%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.3%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты