Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 18.05.2023
Бір қарағандылық смартфонына түсіріп, өзінің көпқабатты үйінің WhatsApp-чатына бейнежазба жібереді. Бейне бірден әлеуметтік желілерге түсіп, қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Бұл роликті Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов та көрген. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін "Қарағанды су" компаниясында шенеунікке Сәтбаев атындағы канал түгел көрсетілді, ол қалаға жеткізу үшін су қалай алынатынын және ауыз судың сапасы қалай тазартылып, бақыланатынын көрсетті. Қарағанды әкімі осындан соң суды краннан ішіп, бәрі жақсы ғой деп жұртты тынышталдыра бастаған. «Әрине, "Боржоми" емес, бірақ ішуге болады», деп қорытынды да шығарған. Негізі, су құбыры желілері қалада 30-50 жыл бұрын жүргізілген. Әрине, ТҮКШ заңдарына сәйкес, үй ішіндегі құбырларға адамдар өзі жауапты, шіріген құбырларды өздері шеберлерге жүгініп, ауыстыруы тиіс. Алайда, олар жағдайға салғырт қарауда. Көптеген жертөлелердегі сымдар дұрыс жүргізілмеген. Қарағанды билігі апта сайын Қалалық су арнасының қызметкерлерімен бірге ірі сорғы станцияларында, сондай-ақ балабақшаларда, мектептерде және басқа да қоғамдық ұйымдарда орналасқан 220 бақылау пунктінде су сынамаларын ала бастапты. Олар химиялық көрсеткіштер бойынша тексеріледі – иіс, хром, дәм, лайлылығы, хлор, сондай-ақ ауыр металдар мен улы элементтердің бар-жоғын тексеруде. Зертхана да эпидемиологиялық қауіпсіздікті бақылайтынын айтады. Мұнда хлор мен басқа дезинфекциялаушы заттардың әсеріне төзімді E. coli бактерияларының құрамы мен клостридий спораларына талдау жасалады. Тұтынушылардың көбі қазір құбырдан су ішпей, оны сатып алып ішуге көшкен. Бірақ, бұл ішкі жүйені реттеу мәселесін шешпесі анық. Алдағы уақытта, бәрібір проблема туындайтыны белгілі боп тұр.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5165
дауыс мұрағаты