русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 21.05.2023

Отырыста Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын баяндады. Марат Қарабаевтың сөзінше, бүгінгі таңда ауыз суға қолжетімділік қалаларда 98,4 пайызды, ауылдарда 94,5 пайызды құрап отыр. Ең аз қамту Абай, Ақмола және Жамбыл облыстарының қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарында тіркелгенін атап өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, биыл сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін салу және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыруға 280 млрд теңге бөлінген. Жалпы, 2025 жылға дейін қалған 25 қала мен 1 395 ауылдың халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты республиканың әрбір елді мекенін қамтитын тиісті жоспар әзірленді. Оның ішінде іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысына мониторинг жүргізілетіні айтылды. Сонымен қатар отырыста топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жұмыстарының барысы туралы Экология вице-министрі Нұркен Шәрбиев баяндады. Премьер-министр мамыр айының басында Үкімет отырысында ауыз су жобалары бойынша "аяқталмаған құрылыстар" туралы айтылғанын еске салды. Оларды аяқтаймыз дегенше, қолданыстағы инфрақұрылымдар жарамсыз болып қалуда. "Ақтөбе қаласындағы Қарғалы шағын ауданының тұрғындары суық су мен ыстық судың жиі тоқтап қалатынына шағым айтуда. Ақмола облысының Егіндікөл ауданында әбден тозығы жеткен Нұра су өткізгіші жалғыз өзі 12 ауылды сумен қамтамасыз етіп отыр. Ондағы судың шығыны 70-80 пайызға жетеді. Бұл ауылдардың тұрғындары құбырлардың жиі жарылуынан айлар бойы сусыз қалады", - деді Әлихан Смайылов. Ол мұндай кемшіліктер тек бүгін айтылған өңірлерге ғана емес, көптеген әкімдіктерге тән екенін айтты. Атап айтқанда, Абай, Жамбыл, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында жобалау құжаттары әзірленбеген. Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстағы тағы бір маңызды блок - су саласын цифрландыру. "Сумен жабдықтаудағы өндірістік процестерді автоматтандыру суды тиімді тұтынуды қамтамасыз етеді. Бұл судың шығындарын және желілер мен жабдықтардың бұзылуын азайтып, қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы бағыт шеңберінде биылғы жылдың соңына дейін "Су ресурстары" модулі бар Табиғи ресурстардың интерактивті картасы енгізілуі тиіс. Сондай-ақ барлық қондырғылар мен гидроқұрылыстар есептеу құралдарымен жабдықталуы керекә, - дейді үкімет басшысы. Отырыстың соңында Әлихан Смайылов ауыз су бойынша "сақалды құрылыстардың" барлығын тездетіп аяқтау мәселесін пысықтауды, өңірлер әкімдіктері келесі жылы су беру жоспарланып отырған 115 елді мекен бойынша жобалау құжаттарын осы жылдың соңына дейін аяқтауды қамтамасыз етуді, 22 ауылда іздестіру-барлау, сондай-ақ 20 қаланы сумен жабдықтау және су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру бойынша жобалау құжаттарын дайындау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары