Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.05.2023
Оқыту семинарында
кәсіпорын
мамандары менеджменттің интеграцияланған жүйелерін зерттеді, бұл өте маңызды. Себебі, кәсіпорын сапа, қауіпсіздік және
экология бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестігін әлдеқашан растаған.
Тренингтен кейін қатысушылар ішкі аудитор ретінде қызмет етеді. Бұл өте жауапты, маңызды функция.
Жалпы, стандарттар бірінші
кезекте тұтынушының қанағаттануына бағытталуы қажет, осылайша кәсіпорын
тұтынушының талабын болжай алады. Соның арқасында компания өз қызметін жүйелеп,
реттейді, тұтынушының сеніміне ие болары сөзсіз. Егер тұтынушы сапа,
қауіпсіздік және экология мәселелеріне, ұйымның қоғам, мемлекет алдындағы
ашықтығына көңілі толса, онда ол бәсекеге қабілетті деген сөз және сұранысқа ие
қызмет көрсететіні даусыз.
Бақыт Ескендірова Қазақстандық сапа қауымдастығының бас
консультанты
«Бөлімшелер арасындағы өзара тығыз байланыс, әрекет
мәселелері пысықталды. Мұның өзі әрбір қызметкер менеджмент жүйесіне тартылды
деген сөз, ал кәсіпорынға осы тұрғыда сертификат беріледі. Тұтынушы
кәсіпорынның сапа, қауіпсіздік және экология мәселелеріне басымдық беретініне
сенімді болады. Бұл жүйеде жұмыс істейтіндердің барлығының қызығушылығы өте маңызды
және бұл стандарттарды әрбірінің талап
ретінде қабылдап білуі тиіс».
Стандарттар
халықаралық маңызға ие, бұл кез-келген ұйым үшін қажетті талаптар. Мұндай
тренингтерде әр кәсіпорынның ерекшелігі мен өзіне ғана тән мақсаты ескеріледі.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы ұжымда көшбасшылық қасиеттері
бар мамандардың мүмкіндігінше көп болуына мүдделі. Әр маман кәсіпорынның
дамуына қаншалықты үлес қосып, қай деңгейде еңбектеніп жүргенін білгені
маңызды. Семинардың тағы бір діттегені - ішкі аудиторларды дайындау болатын. Ішкі
аудиттің арқасында кәсіпорында ішінара проблемаларды анықтауға және ішкі
қажеттіліктерді біліп, өзгертуге мүмкіндік
туады.
барлық дауыс: 5688
дауыс мұрағаты