Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 22.05.2023
Көкшетаудағы ауыз судың сапасы түрлі деңгейде үнемі көтерілгенімен нәтиже жоқ. Облыс орталығының тұрғындары пәтерлерге ауыз су беретін құбырларды қыруар ақшаға жабдықтап, осмос әдісімен тазартылған су тартатын арнайы машиналар сатып алуға мәжбүр. Алайда мұны да көбінің қалтасы көтермейді.. Көкшетауда таза су сату – өте тиімді бизнеске айналған. Ашуланған тұрғындар әлеуметтік желілерде краннан ағып жатқан лас, техникалық суды үнемі көрсетіп жатады. Олардың айтуынша, бұл судың қолаңсы иісі бар, және тым лас. Ескірген су тазарту станциясы (тәулігіне 21 мың текше метр суды тазартады) 1969 жылы салынған. Жуырда Көкшетау қоғамдық кеңесінің отырысында ауыз судың сапасы және оны жақсарту мәселесі қаралды. Белгілі болғандай, қала тұрғындары техникалық су үшін ауыз су ретінде төлейді. Кеңес отырысында 15 тамызға дейін сүзгілер жөнделіп, қолданыстағы су тазарту станциясы қайта құрылатыны айтылды. Ақмола облысының бірқатар аудандарында, оның ішінде Көкшетауда да су құбыры суының санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкестік көрсеткіші бірнеше жыл бойы орташа көрсеткіштен асып түскен. Нәтижесінде, жедел ішек инфекциялары мен вирусты гепатитке шалдығу өсіп отыр. Бір кездері Мемлекеттік сатып алу шеңберінде мердігер – "AEGIS ins" ЖШС-мен 1,623 млрд теңге қаражатқа келісім-шарт жасалды, ол 538,1 млн теңгені игеріп, реагентті шаруашылық, цех және зертхана ғимараттарын ғана салған. Сонымен құрылыс жұмыстары тоқтаған. 2012 жылы қалалық сот бұл тендерді сәтсіз деп танып, құрылыс алаңы қаңырап бос қалды. Ал, Көкшетау құрылыс бөліміндегілер құрылыс нысаны 2024 жылдың соңында пайдалануға берілуі керек дейді.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5165
дауыс мұрағаты