русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 23.05.2023

Биылдың өзінде осы мәселеге қатысты халықтан тек ресми түрде 9 мыңнан аса шағым түскен. Бұл мәселені Премьер-Министр де Үкіметтегі кезекті жиында көтерді. 1,5 млн халық үшін қалада 2 су сорғы станциясы ғана жұмыс істейді. Олар тәулігіне 330 мың текше метр суды тазартып отыр. Ал қалаға 20 мың тоннаға артып, яғни 350 мың текше метр су қажет. «Астана су арнасы» мәселені шешу үшін үшінші сорғы-сүзгі станциясын күзге дейін іске қоспақ. Қуаттылығы 105 мың текше метр болатын жоба биылғы қажеттілікті толық өтейді деп жаспарланып отыр. Астанадағы су тапшылығын сонда мүлдем жойылады дейді.
Жалпы, елде 600 мыңнан астам азамат ауыз суға мұқтаж. Мысалы, Жезқазған жұрты да ауыз суға зәру. Жаңадан құрылған облыстардың бірі - Ұлытау өңірінің орталығында ауыз су - өзекті. Суды тазалайтын кәсіпорынның жабдықтары әбден ескірген. Жезқазғандықтар үйдегі краннан мүлде су ішпейді. Себебі дәмі кермек татиды, әрі таза емес. Өйткені, қалаға берілетін тіршілік нәрінің 60 пайызы сай-саладан жиналған судан құралған Кеңгір қоймасынан сүзіліп беріледі. Қаладағы су тазалайтын гидроцехтың жабдықтары жөнделіп жатыр. 1965 жылы салынған кәсіпорын әбден ескірген. Ал жанынан мембрандық технологиямен су тазалайтын жаңа цехтың құрылысы келесі жылы аяқталуы тиіс. Сондай-ақ, тіршілік нәрінің мөлдірлігін арттырып, кермек дәмін кетіру үшін жерасты суын қосу қажет. Қала сыртындағы Үйтас-Айдос және Есқұла бастауларынан келетін қос құбыр торабын жаңғырту қажет. Құрылысы 13 жылға созылған Есқұла жобасы биыл бітуі тиіс. Осы жұмыстарды жалғастыру үшін үкімет қорынан 4,2 млрд ақша қарастырылған.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары