Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.05.2023
Петропавл су
зерттеу ғылыми-техникалық орталығының мамандары Бөржар су жинақтағышына
хлорелла штаммының кезекті партиясын төкті. Пайдалы микроорганизмдердің алғашқы
партиясы желтоқсан айында құйылған болатын. Қазіргі ауа-райы хлорелланың
жергілікті климатқа барынша тез бейімделуіне ыңғайлы болып тұр. Су қоймасына
хлорелла суспензиясын құю - ғылыми-зерттеу орталығы жұмысының соңғы кезеңі.
Александр Рейбандт
Петропавл су зерттеу ғылыми-техникалық орталығының (НТЦВ) әкімшісі
"Хлорелла, кез-келген өсімдік сияқты, суға түсіп,
нитриттер мен нитраттарды, шіріген органикалық заттарды белсенді сіңіре алады
және көп мөлшерде оттегіні бөледі. Көмірқышқыл газын жақсы сіңіреді. Бірнеше ұтымды
тұстары бар - көп мөлшерде бөлінетін оттегі суды сүзетін және оны өзіне
тартатын көптеген микроорганизмдерді қоздырады. Олар кішкентай болып көрінгенімен,
су қоймасын тәулігіне екі рет өткізуге қауқары жетеді".
Хлорелла шығаратын
оттегінің көп мөлшері күкіртсутектің пайда болуына жол бермейді. Бұл газ улы
және адам денсаулығына қауіпті.
Су зерттеу
жөніндегі ғылыми-техникалық орталық мамандары "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығының тапсырысымен бірқатар зерттеулерді
жүргізді. Басты мақсат - жағымсыз иісті болдырмау үшін хлорелла штаммын
қолдану. Қазір Петропавл кәсіпорнының өкілдері қалалық ағынды су тазарту құрылғылары
кешенінің бастапқы тұндырғыштарында далалық сынақтарды жүргізуге кірісті.
"Хлорелланы енгіземіз. Ол белсенді түрде белгілі бір
процестерді бастайды. Бұл өзі бірнеше кезеңдерден тұратын процесс. Нәтижесінде,
жағымсыз иіс шықпайды. Жалпы, бұның ең маңыздысы, химия емес, биологиялық
процесс. Яғни, табиғатқа зияны жоқ. Алдын-ала зертханалық жағдайда біз барлығын
тексеріп, нәтижелі болатынына көз жеткіздік. Енді осылай тұндырғыштарда пайдаланамыз".
Кәріз жүйесінен
шығатын жағымсыз иісті болдырмау үшін жасалып жатқан жұмыс аз емес. Жақын арада
Шымкентке "дымқыл тосқауыл" жүйесін кеңінен енгізумен айналысатын
мамандар келеді. Бұл жүйе де тұнба алаңдарынан жағымсыз иістің таралуына тосқауыл
бола алады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты