Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 25.05.2023
Оның айтуынша, оңтүстік өңірінің фермерлері жыл сайын суармалы су тапшылығына тап болады. Осы мәселемен ол бейінді министрліктердің өкілдеріне жүгінді. Палата отырысында Сенат депутаттары ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің суармалы жерлерді пайдалану және су үнемдеу технологияларын енгізу туралы ақпаратын тыңдады. Мәулен Әшімбаев трансшекаралық Сырдария өзені төңірегінде қалыптасқан жағдайға да назар аударды. Жақында Сенатта мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өткен болатын. Онда Түркістан облысының депутаттары Жетісай және Мақтаарал аудандарының тұрғындарын толғандыратын мәселелерді көтерді. Бұл аудандардағы басты проблема бүгінгі күнге дейін "Достық" каналы арқылы келетін су көлемінің азаюы болып отыр. Көрші елдермен жасалған келісім бойынша біздің елімізге секундына 40 текше метр су түсуі тиіс, ал бүгінгі күні бұл көрсеткіш шамамен 25 текше метрді құрайды. Мәулен Әшімбаев сондай-ақ еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын ауыл шаруашылығының даму деңгейі көрші мемлекеттерден келетін су көлемімен тығыз байланысты екенін және бұл мәселе өңір аграрийлерінің наразылығын тудыратынын атап өтті. Осыған байланысты бейінді мемлекеттік органдарды аталған проблемаларды шешу процесін жылдамдатуға шақырды.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5165
дауыс мұрағаты