Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 28.05.2023
Бас ауруына айналған бұл мәселені шешу үшін жергілікті билік теңіз суын тұщыландырып, үнемдеу технологияларын іске қосты. Осылайша тіршілік көзінің шығыны 3 проценттен аспайды, деп отыр мамандар.
Инженер, Алекс Зальцердің айтуынша, әр кранға саптама немесе қысым реттегіші салынған. Бұл – металлдан жасалған қарапайым тор. Ол ағынды ойып, суды көпіршітіп тұрады. Тұтынушы мұны мүлдем сезбесе де, судың шығыны екі есе азаяды. Осылайша айына жүздеген литр су үнемделеді. Жалпы, суды тұщыландыру бойынша Израиль әлемде бірінші орында тұр. Тіршілік көзі қалалық су арнасына келіп түседі. Оның басты міндеті – суды барлық жерде жеткілікті болатындай етіп тарату. Осының арқасында Оңтүстік Эйлаттан бастап Ливанмен шекарадағы шағын ауылда сумен қамтамасыз етілген.
Тұтынушы суды нақты қайдан алғанын білмесе де, су тапшылығы болмайтынына кәміл сенеді. Ірі тұщыландыру зауыттарын іске қосқан Израиль Иордания мен Мысырды да сумен қамтып келеді. Ауыл шаруашылығында да осындай технологиялар енгізілген. Шөлдің қақ ортасында тұрған Израильде тамшылап суарудың арқасында әрбір ағаш пен өсімдікке тек қажетті мөлшерде су жеткізіледі.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты