Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 29.05.2023
«Елдегі тозығы жеткен су құбырлары мен климаттың өзгеруі. Кавказ жотасындағы мұздықтардың еруі қалыптасқан жағдайға әсер етуі мүмкін»,- дейді мамандар. Грузияның табиғи байлығының бірі - су ресурсы. Елде 26 мыңнан астам тұщы су өзені, 900-ге жуық көл және су қоймасы бар. Алайда, халықтың үштен бір бөлігі таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Сондай елдімекеннің бірі - Мтисдзири. Тбилиси мен Рустави қалаларының ортасында орналасқан елді мекен мәселесі күн тәртібінен түскен емес.
Тұрғындар «...малға беретін су жоқ. Біз 21-ғасырда суды сатып ішуіміз керек. Келіп есепшот орнатып берсе, мен қарсы емеспін! Бірақ, асырап отырған жануарға көп мөлшерде су керек, оны күнде сатып алу мүмкін емес. Біз қалалық әкімдікке бұл мәселені айтып, бірнеше рет бардық, ешкім көмектеспеді. Тбилисиге тиіп тұрмыз, су мәселесі бірақ тұралап тұрғалы қашан», дейді.
Мәселенің түп тамыры - тозған инфрақұрылымда. Елдің кей аймағында сумен жабдықтау жүйесі қарастырылмаған. Тұщы судың тартылуы бұл мәселені тіпті ушықтырған.
Грузия жасыл қозғалысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Акаки Панчулидзе бұның өте күрделі мәселе екенін айтады.. Соңғы онжылдықта Грузиядағы орташа жылдық ауа температурасы 0.7 градусқа көтерілді. Біз оны қалпына келтіре алмаймыз, дейді.
Дегенмен де, сала мамандары зерттеу жүргізіп жатыр. Грузияда жалпы ауданы 511 шаршы км болатын 700-ден астам мұздақ бар. Олар негізінен Үлкен Кавказ жотасының бойында орналасқан. Алайда, жылы температура мен жаңбыр сулары мұз массаларын ерітіп жатыр. Салдарынан соңғы 10 жылда мұздықтар аумағы 40% азайған.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты