Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 29.05.2023
Шымкент кәріз суын тазарту құрылғылары кешеніне осыдан екі жыл бұрын "дымқыл тосқауыл" жүйесін орнатқан Сервистік компанияның өкілі келді. Бұл қондырғы тұнба алаңдарынан жағымсыз иіс шықпас үшін орнатылған еді. Жағымсыз иісті болдырмау үшін арнайы реагент шашыратады. Бұған дейін қолданылған "дымқыл тосқауылдың" көлемі 600 метрді құрайды, бірақ тазарту қондырғылары кешенінің аумағы кеңейіп, қуаты артып келеді. Сондықтан мамандар "дымқыл тосқауыл" жүйесін де кең көлемде пайдалануды көздеп, алдын-ала дайындалу керек,- дейді.
Сергей
Аксентьев «Сервис-Пам» ЖШС сервис бөлімінің бастығы
"Тазарту
құрылғылары
кешенінің кеңеюіне, өндірістің артуына
байланысты қазіргі
жағдайды бағалап, талдау
үшін мені арнайы шақырды.
Біз жағымсыз иісті бейтараптандыру үшін "дымқыл тосқауылдың" жаңа қондырғысын жобалау
және салуды ұсынып отырмыз".
Қазіргі жағдайды зерделеген маман қондырғының жаңа бөлігін салу алдын
барлық тұстар ескерілетінін айтады. Сонымен қатар, кешенге ауа-райы да әсерсіз
емес. Мысалы, жел, жауын-шашын әсері, оның бағыты - бәрі ескеріліп,
"дымқыл тосқауылдың" жұмысын реттейтін метеостанцияны қосу да
қарастырылып жатыр.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты