Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 31.05.2023
Ауа температурасы рекордты деңгейге жеткен. Халық ауызсуды тасымалмен алдырып отыр. Мына жерде үлкен су қоймасы болды дегенге сену өте қиын. Сьерра Бойера қоймасының суын Кордоба провинциясындағы 27 аудан мен 16 ауылда тұратын 72 мың адам тұтынатын. Енді олар күнде ауызсу таситын көлікті сарылып күтуге мәжбүр. Әкімшілік тіршілік нәрін бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға беру жағын бақылауға алған. « Үйде ағып тұрған судың дәмі өте жаман болып кетті. Түсі де біртүрлі. Жасыл ма, сары ма, сондай бірдеңе. Ол суды ішу мүмкін емес. Тек тазалық жасауға немесе кір жууға пайдаланамыз. Ішетін немесе ас әзірлейтін суды күнде келіп, көліктен аламыз», дейді жергілікті тұрғындар. Мамандар құрғақшылықтың кесірінен аймақтағы экожүйенің бұзылғанын айтады. 550 гектар аумақты алып жатқан су қоймасындағы барлық балық қырылып қалған.
Фуэнте-Обехуна қаласының мэрі Силвиа Мелладоның өз уәжі бар. «Біз "Сьерра Бойера қоймасы суалады» деп өткен жаздан бері ескертумен болдық. Бұл аймақта жаз ғана емес, қыс та өте құрғақ болды. Бір тамшы жаңбыр жаумады. Енді әкімшілік мекемелері бұл қиындықты қалай еңсереміз деп бас қатырып жатыр. 72 мың халықтың ауызсумен қамтамасыз ету оңай шаруа емес»деді.
Қазір Испания аумағының 30 пайызын құрғақшылық жайлаған. Үкімет қуаңшылыққа байланысты төтенше апат жағдайын жариялады.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
35.0%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.6%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.0%
БАҚ
13.6%
Басқа
15.3%
барлық дауыс: 4750
дауыс мұрағаты