Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 31.05.2023
«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС басшылығы әр жылы жаздың алғашқы күні – Балаларды қорғау күнінде кәсіпорында еңбек ететін көпбалалы отбасыларды мерекемен арнайы құттықтайды. Бұл жақсы үрдіске айналған шара.
Анарбек Орман
«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС бас директоры
(Барлық болашақ
осы жастар, балалар үшін.
Көпбалалы отбасы болудың өзі бақыт! Сол балаларды тәрбиелеп, оқытып,
еліне қызмет ететін азамат етіп қатарға қосу – үлкен жауапкершілік, үлкен
міндет қой. Баласы бетке ұстар азамат
болса, қай ата-ана қуанбайды?! Ол бәрімізге жақсы. Тәрбие отбасыдан басталады.
Мен барлықтарыңыздың отбасыларыңызға жақсылық тілеймін. Өсіп-өне беріңіздер.
Ұл-қыздарыңыз тәрбиелі, көргенді азамат болсын деп тілеймін).
Осы күні 15 отбасыға сый-сыяпат жасалды. Кәсіпорында
ондаған жылдар еңбек еткен қызметкерлер арасында көпбалалы ана Нүрила Тастемір
де болды.
Нүрила Тастемір көпбалалы ана
(Рақмет, үнемі бізді осылай құрметтеп, құттықтап отырады
басшымыз. Еңбегімізді бағалайды. Барлығына жақсылық тілеймін).
Алғаш
рет Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылдың 1 маусымында атап өтілген
екен. Содан кейін бұл дата жыл сайын мерекеленеді. Бұл күнді атап өту шешімі 1925 жылы Женевада балалар
мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданған.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты