Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 31.05.2023
Мұндағы тұрғындар жергілікті биліктен орталықтандырылған сумен жабдықтау мәселесін шешіп беруді сұранған. Саяжайдағы сумен жабдықтау жүйесі 50 жыл бұрын өткізілген екен. Қазір тозығы әбден жеткен. Адамдар бүгінде ұңғыманы пайдаланады, ал ондағы су барлығына жетпейді.
Сұлушаш Намазбаева, саяжай тұрғыны: - Мен осында 20 жылдан бері тұрамын. Осы уақыт ішінде біз ауыз су тапшылығын көп көрдік. Суды қаладан тасимыз. Егер учаскелерге ресми мәртебе берілсе, проблемалар біртіндеп шешілер еді. Жақсы жолдар, балаларға арналған мектеп, ауруханамыз болар еді. Қазір мұның ешқайсысы жоқ.
Мәселенің бау-бақша ұжымына елдімекен мәртебесін бергенде ғана шешімін табатынына адамдар сенімді. Жергілікті билік болса, проблемаларды кезең-кезеңімен шешеміз деп отыр.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5165
дауыс мұрағаты