русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 01.06.2023

Бәйдібек ауданы Сарқырама ауылындағы Оңғар Орманов атындағы орта мектебінде бүгін ерекше күн. Соңғы қоңырау соғылып, балалар жазғы демалысқа шықты. Оқу жылын қорытындылау салтанатына «СРМ» кәсіпорнының өкілдері арнайы барып қатысты.

Білім ұясында 200-ге жуық оқушы оқиды. Биылғы оқу жылында білімімен, тәртібімен үздік атанған 34 оқушыға және олардың ұстаздарына мектепке үнемі қолдау көрсетіп отыратын Анарбек Оңғарұлының стипендиясы табысталды. Олар ғылыми жобалар, пәндік олимпиада жүлдегерлері, оқу озаттары және түрлі іс-шараға белсене қатысқан ұл-қыздар, олардың мұғалімдері.

Фатима Қасымхан, 4 сынып оқушысы

Атама көп рақмет. Мен жылда алып тұрамын Анарбек ата атындағы стипендияны. Облыстық олимпиада жүлдегері болдым биыл.

Ауыл мектебіне Оңғар Орманов есімі 2010 жылы берілген. Сол жылдардан бері Анарбек Оңғарұлы тек мектеп емес, ауылдықтарға да қолдау көрсетіп келеді.

Жәмиля Қалдарбек, ата-аналар кеңесінің төрайымы, көпбалалы ана

Стипендяны менің де балаларым алады. Бізге үнемі қолұшын беріп, балаларға жігер береді. Ауылдықтар риза.  

Нұрмахан Жолшыбеков мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Анарбек аға мен Сұлтан Анарбекке ауылдықтардың айтар алғысы шексіз. Тек соңғы қоңырау емес, жыл бойы бізбен хабарласып, жағдайымызды біліп отырады. Оқушыларға жақсы мотивация беріп, қолдайды.  

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары