Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.06.2023
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы ассенизаторлы машиналардан ағынды су қабылдайтын станцияны жаңғыртуды жоспарлап отыр. Бұл мәселені шешу үшін кәсіпорын мамандары аталған бағытта тәжірибесі мол компаниялардың бірінің жұмысын көрді.
"Жоспарлау
бойынша инженерлік топ" , яғни модульді су төгу станциялардың негізгі өндірушісі
- Екатеринбургте орналасқан. Бұл кәсіпорын сумен жабдықтау және су бұру
нарығында табысты жұмыс істеп келеді. Тәжірибесі де орасан, беделі де жоғары.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары осы компанияға арнайы барды.
Делегацияны Бас директордың орынбасары Сұлтан Анарбек басқарды, құрамында
күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Бұлан Тұрлыбеков, сынақ зертханасының басшысы
Гүлжан Жауылбаева, кәріз желілері бойынша қызмет көрсету бөлімінің бастығы
Құлажан Тәукебай және басқарудың автоматты жүйелер бөлімінің басшысы Нұралы
Бикбаев кірді.
PlanaPoint
станциялары Тапсырыс беруші қойған техникалық тапсырмаға байланысты
ассенизаторлы машиналардан ағынды қабылдауды жүзеге асырады, қоқыстардан және
ірі қалдықтардан механикалық тазарту жүргізеді, Тапсырыс берушінің талабымен қоқысты
тығыздап, сусыздандырады, абоненттерді (ассенизаторларды) тіркейді, қабылданған
ағынның көлемін дербестендіріп есепке алады және оларды автоматты түрде сұйылтуға
жібереді, қабылданған ағынның сапасын өлшейді – мұның бәрі желілік режимде іске
асады. Станцияны //тазарту қондырғылары кешенінің технологиялық схемасына
біріктіруге болады.
Қазіргі уақытта
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы модульді құю станциясының
техникалық тапсырмасын қарастыруда. Оны жаңғырту қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға
септігін тигізбек.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты