Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 06.06.2023
«Қайырлы күн, құрметті Астана қаласының тұрғындары! Соңғы уақытта Астана қаласында су тапшылығы мәселесі көтеріліп жатыр. Қаламызда мұндай проблема бар. Қазіргі уақытта тәулігіне 25 мың кубометр су жетіспейді. Қаламыз күн санап өсіп жатыр. Жылына кем дегенде 60-70 мың жаңа тұрғын қосылады, ал соңғы 3 жылдың ішінде қаламызда тұратын азаматтардың саны 200 мың адамға артты.
Тағы бір мәселе – соңғы айда суару жұмысы да басталып кетті. Өткен аптада болған +30 градустан асатын аптап ыстық осы аптада да жалғасады деген болжам бар. Осыдан 2 жыл бұрын әкімдік екі жаңа нысанның құрылысын бастаған. Бірінші нысан – қазір өздеріңіз көріп отырған сорғы станциясы. Бұл нысанның құрылысы осы айдың соңына дейін толығымен бітеді және қалаға қажетті су берілетін болады.
Екінші нысан – су құбыры, яғни Астана су қоймасынан қалаға келетін су құбыры. Бұл нысан да аяқталып қалды. Келесі аптада толығымен құрылыс жұмысы бітеді және қалаға қажетті су қысымы көтеріледі деп ниеттеніп отырмыз. Сонымен, бір айдың ішінде бүгінгі су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі. Ал тамыз айында бұл станцияның екінші кезеңінің құрылысы аяқталады. Тиісінше қалаға күніне қосымша 85 мың кубометр су беру мүмкіндігі пайда болады. Бұл алдағы 3-4 жылға жеткілікті», – деп жазды елорда әкімі.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5688
дауыс мұрағаты