Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 06.06.2023
Қала әкімшілігі тұрғындарды тіршілік нәрімен қамту үшін төтенше шаралар қабылдауға мәжбүр. Мәселен түнгі мезгілде бақша суаруға тыйым салынып, жеке меншік моншалар мен көлік жуу орындары жабылды. Көпқабатты үйлердің жоғарғы жағына су келмейтіндіктен, тұрғындар күн сайын таңертең төмен түсіп, шөлмектерді техникалық сумен толтырады. Көршілері төменгі қабаттарда судың барына риза. Кейбір үйлерді ол да жоқ. « Соңғы кезде суды ойлап, уайымға беріліп кеттік. Ұйқыдан тұрғанда судың бар-жоғын білмейсің. Оқудан немесе жұмыстан келгенде де алдымен осыны ойлайсың. Сондықтан үнемі көшеге шығып, су іздеуге тура келеді»-деп ашынады қала тұрғындары. Жаз сайын Бішкекте су мәселесі ушығады. Орто-Алыш пен Ала-Арчи жер асты сулары қаланы сумен қамтып отыр. Соңғы айларда оның деңгейі төмендеген. Ал әр адам тұтынатын су мөлшері 170 литрден 410 литрге дейін артты. Оған қоса, бақшалары мен егістерін суарады. Қала әкімшілігі бұған жол бермес үшін тексерулер ұйымдастырып жүр. «Қазір бізге секундына 3 текше метр су келіп тұр. Бір кубын Бішкекке береміз, бұл негізінен ауызсу. Қалғанын қала шетіндегі елді мекендер пайдаланады. Бәріне жетсін деп кезекпен береміз», деп түсіндірді Аламудун гидробөлімінің бастығы Нұрлан Кулукеев. Қала әкімшілігі көлік жуу орындарын, жеке меншік моншалар мен хауыздарды уақытша жапты. Сондай-ақ, шағынаудандарға қосымша құбырлар тартып, ұңғымалар қазып жатыр. Ал синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қырғызстанда аптап ыстық орнап, сынап бағаны 40 градусқа дейін көтеріледі.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты