Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 07.06.2023
Астаналық ондаған көпқабатты үйлердің тұрғындары 6 маусым күні кешкісін ауыз суды талап етіп көшеге шықты, деп хабарлайды Kazpravda.kz. тілшісі. Тұрғындардың уәжін тыңдаған әкімдік өкілдері: "Қазіргі уақытта құрылыс компаниясына сумен жабдықтау желілерін қоршау бойынша қосымша жұмыстар жүргізуді бастадық. Жұмыстар 1-2 күн ішінде жүргізіліп, бәрін ретке келтіреміз", - деп жауап берді.
Алматы ауданының әкімі мен «Астана Су арнасы» өкілдері мәселені өз бақылауына алғанын нақтылады. Сонымен қатар, жақында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы ауыз су тапшылығы бойынша астаналықтарға бейнеүндеуін жариялады. Қала басшысы келесі аптада Астана су қоймасынан су құбыры салынатынын, бұл ауыз су беру кезінде қысымды тиісті деңгейге жеткізетінін айтты. Ол сондай-ақ тамыз айында қала тәулігіне қосымша 85 мың текше метр су алатынын нақтылады.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5164
дауыс мұрағаты