русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 08.06.2023

«Су ресурстары-маркетинг» кәсіпорнына жыл бойы сумен жабдықтау саласына қатысты мамандықты меңгеруші жүздеген студент жастар келеді. Бірі практикалық дәрістерін осында өтуге ынталы болса, енді бірі мекеменің жұмысымен танысуға келеді. Жақында М. Әуезов атындағы ОҚУ «Су ресурстары – суды пайдалану» мамандығы бойынша жоғары білім алушы 1, 3-ші курс студенттері музейде және сынақ зертханасында болды. Су жинақтау орындары, суды зарарсыздандыру стансалары, ағынды су тазарту құрылғыларының кешені, ондағы процесстер – болашақ мамандарға бәрі қызықты.

Исабек Айтжанұлы, студент

Олардың басты мақсаты – табиғаттан алған суды пайдаланып, тазартып, қайта табиғатқа беру барысында ауқымды жұмыстар істелетінін білдік. Су есептегіш құралдары, кәріз желісіндегі жұмыстар. Бәрі өте қызық болды.

Балжан Жұман, студент

Бізге бүгін кәсіпорында судың қайдан алынатынын, оны тұтынушыларға жеткізу,зарарсыздандыру барысын түсіндірді . Судың құрамын тексеру, бақылау да қатаң жүргізіледі екен. Одан пайдаланған суды, канализация дейміз ғой, сол процестің қандай тазартулардан – механикалық, арнайы тазартулар туралы білдік. Биогаз өндірілетіні қызық болды.Көп мағлұмат алдық, рақмет.

Музейде кәсіпорын тарихы мен жылдар бойғы жұмыста пайдаланылатын техника, құрал-жабдықтармен танысқан студенттер мұнан соң сынақ зертханасының жұмысын көрді. Бірер жылда бұл жастар осы тұстардың барлығын практикада көреді. Қазіргі таңда «СРМ» ЖШС-де осы университеттің 3-ші курс студенттері өндірістік практикадан өтуде. Кәсіпорын мен ЖОО арасында бұл бағытта арнайы келісім түзілген.

  

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары