Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 07.06.2023
Тұрғындар тіршілік нәрін кәріз суына арналған құдыққа толтырып алып қолдануға мәжбүр. Жалпы, елдімекенде құрылысы басталып, аяқсыз қалған үйлер өте көп.Өйткені инженерлік желілер тартылмаған. Тұрғындар суды алыстан тасып ішеді. Ал көлігі жоқтарға тіпті қиын. Амалдың жоқтығынан көбі суды кәріз құдығына арналған құдыққа құйғызып алып, содан пайдаланады. Ол ұзақ сақтауға келмейді. Тұрғындар кәріз құдығын азық-түлік сақтайтын тоңазытқыш ретінде де қолданады екен. Аудан әкімдігі мәселеден хабардар. «Негізгі елдімекендерде су көзі тапшы. Жалпы бұл мәселенің шешімі енді «Құдықтықыр-Моисеевка» деген су қорын тарту жүргізіліп жатыр. Бұл үлкен жоба. Сондықтан осы жоба қолға алынып, аяқталса сумен қамтамасыз ету толықтай шешіледі». Астана ауданының әкімі Айбек Көпенов осылай жауап берген.
Қала іргесінде суға жарымай отырған осындай бірнеше елдімекен бар. Кенезесі кепкен жұрт мәселені созбаққа салмай тез шешілгенін қалайды. Өйткені өз үйлері бола тұра тұрғындардың дені қалада пәтер жағалап жүруге мәжбүр.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5688
дауыс мұрағаты