Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 08.06.2023
. Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселе қыстыгүні басталды, бірақ ол кезде су сағатпен берілетін. Қазір ол мүлдем жоқ, деп хабарлады "31 арна".
Бірлік шағын ауданы Көкшетау шетінде орналасқан. Екі мыңнан астам тұрғыны бар жеке сектордағылар су жетіспеушілігінің себебі жақын маңдағы өнеркәсіптік кәсіпорындарынан деп болжайды. Ауданның жанында алты кәсіпорын жұмыс істейді.
"Бұл өнеркәсіпті аймақ. Неге оларға бөлек желімен су бермейді? Біз не істейміз? Қанша үй сусыз отырмыз! Бау-бақшаны айтпағанда, жуынатын да су жоқ. Ас-ауқатқа да суымыз жоқ біздің!»- деп шағынаудан тұрғыны Елена Красоцкая наразылығын білдірді.
"Дәл қазіргі аптап ыстықта сусыз отырып көріңіздер!? Менің үйімде екі қарт адам бар. Өте қиын жағдайда отырмыз. Не жуына алмаймыз, не қанып су іше алмасақ осындай ыстықта?! Мұның бәрі өндірістік кәсіпорындарда.. Олардың өз резервуарлары болуы керек деп есептеймін!", - дейді қала тұрғыны Гүлдарай Нұралина.
"Көкшетау су арнасы" мекемесінің директоры Юрий Шенгальц бұл мәселе тұтынушылардың артуынан туындады дейді. "Бұл мәселе қыста басталды. Бүгін біз резервуарларға су жинап, сағаттап бере бастаймыз. Қазір бұл мәселелерді құрылыс бөлімі қарап жатыр. Бүгін-ертең мәселе толық шешіледі деп айта алмаймын. Арнайы жоба қажет. Біз кәсіпорынмен келіссөз жүргізіп жатырмыз және су беруді шектеу туралы хабарламалар бердік", - деп түсіндірді ол.
Тұрғындардың кәсіпорындарға жеке желі өткізу туралы өтінішін қарастырамыз, деп сендірді қалалық су арнасының директоры. Ал әзірге тұрғындар крандарына қайта-қайта қарап отыруға мәжбүр.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.5%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5742
дауыс мұрағаты