Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.06.2023
Жазғы аптап күшіне енген уақытта ауа температурасының жоғарылауына байланысты қалада су тұтыну деңгейі де айтарлықтай жоғарылауда. Ауыз суды бау-бақша мен жасыл желекті суару, бассейндерді толтыру және су ресурстарының әжептеуір шығынын қажет ететін басқа да тұрмыстық қажеттіліктер үшін қолданылады. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі жер үйлердің тұрғындарынан ауыз су шығынына ұқыпты және үнемді қарауды сұранады. Мысалы, бақшаңызды, жасыл желекті түнгі 23.00-ден кейін суаруға кеңес береді. Себебі, осы уақытта қалада су тұтынудың деңгейі төмендейді.
Сумен жабдықтау
желілерінде проблемалар туындаса, су қысымы төмендеп, желілерден су кетіп жатса
немесе су екпіні нашарлаған жағдайда "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
орталық диспетчерлік қызметіне хабарлауды сұраймыз: 8(7252)
321-274;+77081102121 (whatsapp). Сондай-ақ, мәселеңізді кәсіпорынның әлеуметтік
желілердегі аккаунттарына да жаза аласыз.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты