Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 12.06.2023
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің су құбыры шаруашылығы қызметін есепке алу жөніндегі инспекторлары ұсақ және ірі қара мал соятын орындардың иелеріне арнайы хабарламалар таратып бере бастады. Мал соятын орындарда қан мен жануарлардың басқа да қалдықтарын қалалық кәріз желісіне төгеді, бұл су бұру желілері мен тазарту құрылғылары кешенінің жұмысына кері әсер ететіні айдан анық. Ескерту қағазы кәрізге желісіне түрлі улы ағынды қалдықтарды төгетін барлық кәсіпорындарға да беріледі.
"Елді
мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суды қабылдау қағидаларын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20
шілдедегі № 546 Бұйрығының (бұдан әрі - қағидалар) 10-шы тармағына сәйкес, елді
мекеннің шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суымен қоса, тазартуға жататын
өндірістік сарқынды суды желілер мен су бұру жүйелеріне жіберуге рұқсат
етіледі. Алайда, желілер мен құрылғылар материалына, су бұру жүйелеріне
деструктивті әсер ететін сарқынды қалдықтарды төгуге қатаң тыйым салынады. Оның
ішінде: мал сою алаңдары мен ет өңдеуден шыққан кез келген қатты қалдықтар, ішек-қарын,
ұйыған қан, тері мен теріні өңдеу қалдықтары, мал шаруашылығы, аң шаруашылығы
және құс шаруашылығының қалдықтары, соның ішінде нәжісін желіге төгуге
болмайды!
Су бұру желісіне
тыйым салынған заттарды төгетін заң бұзушылардың әрекеттері халықтың
санитариялы -эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы заңнама талаптарының
бұзылуына әкеп соғады. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан
Республикасы Кодексінің 425-ші бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының
халықтың санитариялы-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының,
сондай-ақ адам денсаулығына зиян келтірмейтін гигиеналық нормативтердің,
техникалық регламенттердің талаптарын бұзу жеке тұлғаларға отыз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
екі жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Коммерциялық
емес ұйымдар – орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз он айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – мың алты жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде" айыппұл салынады.
Тыйым салынған
заттарды кәріз желілеріне заңсыз ағызу жоғарыда аталған заңдардың талаптарын
өрескел бұзу және ережелер нормаларын сақтамау болып табылатынын еске саламыз.
Тиісінше, "Табиғи монополиялар туралы "Қазақстан Республикасының
27.12.2018 жылғы №204-VI Заңының 26 – бабы 1-тармағының 1-тармақшасына
сәйкес", «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС тұтынушылардан Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі белгілеген
техникалық талаптардың сақталуын талап етуге құқылы. Заңның 27-бабы
2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес, тұтынушы Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі белгілеген техникалық талаптарды
орындауға міндетті.
"Елді
мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28
ақпандағы № 163 Бұйрығының 30-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің
анықталған ақаулар мен заң бұзушылықтарды жою жөніндегі жазбаша талаптары
орындалмаған жағдайларда, қызмет көрсетуші тұтынушыны хабардар ете отырып,
сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді ұсынуды үш күннен аз уақыт
ішінде ішінара немесе толық тоқтатады. Біздің талаптарымыз орындалмаған
жағдайда, барлық жосықсыз әрекеттерді сот деңгейінде шешуге болатынын тұтынушыға
жеткізе отырып, Шарттың 10-шы тарауының 42-тармағына сәйкес, мәселені сот
тәртібімен шешу құқығын өзімізде қалдырамыз. Сондай-ақ, № 163 бұйрықтың 30-шы тармағына
сәйкес, орталық сумен жабдықтау желісінен жеке су құбыры ажыратылып, кәріз
желісіне тығындарды орнату арқылы сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызмет
толығымен тоқтатылады.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты