Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 13.06.2023
Ол су мұнарасынан келетін суды жиі өшіреді. Соңғы үш күн бойы үйлерінде су жоқ. Шомылу, ыдыс жуу немесе су ішу үшін басқа мұнараға барып, ыдыстар мен бөтелкелерді толтырып, тасумен әлек.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар бір жылдан бері бау-бақшаларын да суара алмай отыр. Құбырларын кесіп тастаған. Адамдардың айтуынша, мұны да кооператив басшысы жасаған. Мұнысын өзі растап отыр. Бірақ құбырды кескенін және ол металды қайда жібергенін түсіндіргісі келмейді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, сымдары бар ескі электр бағаналары да жоғалып кеткен. Тұтынушылардың төлемақысынан түскен ақшаға электр энергиясының қарызын жабуы керек еді. Бұл сома шамамен 4 миллион теңгені құрайды. Адамдар келген шоттар бойынша үнемі төлеп отырғанын айтады. Кооператив мүшесі болған бұрынғы тұрғындар бүгінде үйлерін сатып кетіп қалған. Ал қазіргі тұрғындар зардап шегуге мәжбүр. Сондықтан олар төрағаны «тәртіпке шақыра» алмайды екен. Кооператив төрағасының айтуынша, электр энергиясы үшін қарыз ескі есептегіштердің істен шығуына байланысты қордаланған. Онда тұтынылған электр энергиясының мәліметі дұрыс берілмейді, ал энергопотктан келетін сандар мүлдем басқа.
Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының мамандары қарыз болғанның өзінде Төрағаның жарық пен суды өшіруге құқы жоқ, - дейді. Мұны тек уәкілетті органдар жасай алады. Жергілікті тұрғындар төрағаның үстінен полицияға арызданды. Әкімдікке барып та мәселені шешуге тырысты, бірақ олар кооператив төрағасы мен мүшелерінің қарым-қатынасына араласа алмаймыз деп араласпаған. Жергілікті тұрғындар кооперативке мүше болып кіріп, жаңа төраға сайлауға ниетті. Бірақ бұған дейін олар қарызын жабуды талап етуде. Әділдік іздеген ауыл тұрғындары сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5165
дауыс мұрағаты