Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.06.2023
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не жұмыс сапарымен «Техно Сервис» компаниясының бөлім басшысы Артем Шувалдин арнайы келді. Бұл компания сумен қамту, су шаруашылығы саласында әлемдік брендке айналған, Еуразия нарығында танымал «Bermat» компаниясы жоғары деңгейлі жабдықтар шығарады. Бұл фирманың қысым реттегіш құралдары Шымкентте кеңінен қолданылады.
Артем Шувалдин
қысым реттегіш жабдықтарын біздегі өндірісте ары қарай да кең көлемде қолданылу
жолдарын байқады, автоматтандыру жүйесінің барысымен танысты. Ең бастысы, су
желісінде бұл жабдықтар тұтас бір механизм ретінде жұмыс істеуі керек.
Артем
Шувалдин «Техно Сервис» компаниясының бөлім басшысы.
//"Қазіргі
кезде мұның өзі де
жеткіліксіз, өйткені күндізгі
шығындар басқа, ал түнде басқаша болуы мүмкін. Біз жарылу,
су ағуды
қатаң бақылауымыз
керек, өйткені қаржыны
үнемдеудің негізгі факторларының бірі осы. Ол үшін жалпы
жүйені басқару керек.
Бригаданың қайта-қайта шақыруға шыға бергені тиімсіз, мысалы
реттегіштер өте көп
болуы мүмкін. Сондықтан арнайы құрылғы орнатылады, ол "сервопривод" деп аталады, сол арқылы инженер-диспетчер қашықтан бақылап,
түзету енгізе алады.
Сонымен қатар, реттегіште қысым көрсететін бөлігі-датчигі
болады,
біз өзгерістерді бақылап,
орнатылған реттегіш
арқылы құбыр
желісіндегі нақты бір жеріндегі жарылу, су ағу туралы ақпарат беретін шығын
өлшегішті де көре аламыз".//
Қажетті ақпаратты
алудың өзі мекемеге тиісті талдауларды дер кезінде, сапалы жасауға мүмкіндік
береді. Проблемаларды дер кезінде анықтап, апатты жағдайларды, су ағу, құбыр
жарылу жағдайларын шұғыл реттеу, тиісті шара көру жүйелі жүргізіледі. Яғни, су
балансын бақылауда сенімді схема жасауға болады. Түптеп келгенде, мұның бәрі
халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартады.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты