русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 14.06.2023

 Жергілікті биліктің айтуынша, бұл мәселе аймақта соңғы күндері болған аптап ыстықта туындады. Су тапшылығы тек Астанада ғана емес, Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде бұрыннан бар. Петропавл маңындағы ауылдардың тұрғындары сусыз қалғанын айтып, талай шағымданған. Бескөл ауылы Петропавлдан он шақырым жерде орналасқан. Жаздың басынан бері 10 мыңнан астам тұрғыны бар ауылда су жоқ. Ауыл тұрғындарының айтуынша, су күніне екі сағатқа ғана беріледі. Таңнан күн батқанға дейін сусыз отырады. Кейбір үйлерде түнде ғана су ағады. Ауылда бірнеше жыл бұрын салынған су қоймасы жыл сайын өсіп отырған халықты сумен толық қамтамасыз ете алмайды. Қосымша резервуар салмайынша мәселені шешу мүмкін емес. Тұрғындар әкімдіктегілер су тапшылығының себебін түсіндірмейді деп наразы. Ешқандай ескертусіз барлық ауылдарда су өшіріле береді. Өз кезегінде, жергілікті билік бұл жағдайға аптап ыстық себеп болды дейді. Суды тұтыну деңгейі артты. Оған қоса, тұрғындар бау-бақшасын суарады. Қыста бүкіл ауылға түнде 17 текше метр су кетсе, қазір тұрғындар 102 текше метр мөлшерінде пайдаланады, бұл алты есе көп. Ал күндіз суды тұтыну 15 есеге артқан, дейді Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Шакубаев. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жағдайға алдын ала дайын болмаған шенеуніктерді кінәлі деп санайды. Ол өз орынбасарына ескерту жасап, Мағжан Жұмабаев атындағы аудан, Аққайың, Қызылжар және Мамлют аудандарының әкімдеріне сөгіс жариялады. Іс-қимыл жоспарын, жол картасын жасаңыздар, адамдар сумен қамтамасыз етілуі керек. Бұл мәселені жергілікті аудандардың әкімдері шешуі тиіс, деп мәлімдеді Айдарбек Сапаров. Облыс басшысы шенеуніктерге мәселені шешуге үш күн уақыт берді.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары