Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.06.2023
16 маусымға қараған түні "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері Шымкент қаласының су құбыры желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізді. Қаланың оңтүстік бөлігінде су уақытша сөндіріліп, қаладағы желілер арқылы су беру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар іске асырылды.
Еңбекші аудандық су
арнасының қызметкерлері Бадам-Сайрам су қабылдағышынан диаметрі 600 миллиметрлі
су құбырына қосымша жалғанды. Суды тұтыну деңгейі ең жоғарыға көтерілгенде бұл қосымша
жүйенің қысымын тиісті параметрде ұстауға көмектеседі. Осы түні Бадам-Сайрам су
жинақтағышында да жоспарлы жұмыстар істелді. Барлық жұмыс мерзімінде аяқталды, тұтынушыларға
су келісілген уақытта қайта қосылды.
Қазіргі уақытта
Шымкенттің суды тұтынуы тәулігіне орта есеппен 250 мың текше метрді құрайды.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі қала тұрғындарынан суды
үнемді пайдалануды сұранады. Әсіресе, бау-бақшаларды суару, бассейндерді
толтыруды түнгі 23.00-ден кейін жасауға кеңес береді.
Егер сіздерде су
қысымына қатысты проблемалар туындаса, орталық диспетчерлік қызметіне келесі
телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызға болады: 8(7252) 321-274;+77081102121.
Сондай-ақ, Whatsapp-қа да жаза аласыз: +77057581111 немесе кәсіпорынның
әлеуметтік желілердегі аккаунттары да ашық.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты