Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 18.06.2023
Бүгін «СРМ» ЖШС мамандары қаладағы Мәделі қожа көшесінде орналасқан мал соятын орындардың үшеуінің кәріз желісін жапты. Бұдан алдын сынақ зертханасының қызметкерлері осы мекенжайларда заңбұзушылық болғанын анықтаған еді. Жеке үйлердің иелеріне орталық кәріз желісіне сойылған малдың қанын, ішек-қарын қалдықтарын ағызуға болмайтынын ескертіп, құжат берген. Ескермесе, желіден ажыратылатыны да айтылған.
"Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суды
қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 Бұйрығының (бұдан әрі -
қағидалар) 10-шы тармағына сәйкес, елді мекеннің шаруашылық-тұрмыстық сарқынды
суымен қоса, тазартуға жататын өндірістік сарқынды суды желілер мен су бұру
жүйелеріне жіберуге рұқсат етіледі. Алайда, желілер мен құрылғылар материалына,
су бұру жүйелеріне деструктивті әсер ететін сарқынды қалдықтарды төгуге қатаң
тыйым салынады. Оның ішінде: мал сою алаңдары мен ет өңдеуден шыққан кез келген
қатты қалдықтар, ішек-қарын, ұйыған қан, тері мен оны өңдеу қалдықтары, мал
шаруашылығы, аң шаруашылығы және құс шаруашылығының қалдықтары, соның ішінде
нәжісін желіге төгуге тиым салынады!
Су бұру желісіне
тыйым салынған заттарды ағызу, төгу кәріз жүйесіне кері әсерін тигізіп қана
қоймай, жалпы су тазарту құрылғылары кешенінің жұмысын тежейді. Биогаз
қондырғысына зиянын тигізеді. Ең бастысы, халықтың санитарлы-эпидемиологиялық
саламаттығына қауіпті. Мал соятын үйлердің көршілері жағымсыз иіске тұншығып
отыр. Бұл аймақтағы кәріз желісінде егеуқұйрықтар көбейіп кеткен. Осы аумақта
тұратын қала тұрғынының бірі жақында аталған мәселені көтеріп, мемлекеттік
органдарға шағымданған. Ол қала әкімдігінен мал соятын үйлердің қожайындарына
нақты қатаң шара көруді талап етіп отыр.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мал союға дағдыланған, кәсіпке айналдырған үй
иелеріне кәріз желілеріне тиым салынған қалдықтарды ағызуға қатысты тексерулерді
үздіксіз жүргізетінін ескертеді. Сондықтан, заң талаптарын орындап, кәріз
желісін пайдалануда техникалық шарттарды орындауды сұранады. Талаптар
орындалмаған жағдайда, барлық жосықсыз әрекеттер сот деңгейінде шешіледі,
келісім-шарттың 10-шы тарауының 42-тармағына сәйкес, сотқа жүгіну шығындары
тұтынушының есебінен өтелетін болады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты