Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 19.06.2023
Алматы облысының прокуратурасы су тарифінің 50 пайыздан аса төмендеуіне қолжеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
"Алматы облысының прокуратурасы монополияға қарсы заңнаманы қолдану аясындағы талдау нәтижелері бойынша табиғи монополия субьектісі "BeyazhTrans" ЖШС әкімшілік-аумақтық бірліктің географиялық шекарасын бұза отырып, біріңғай тариф арқылы Алматы облысының екі ауданындағы 9 ауылдық округінің (Жамбыл ауданы – 1 округ, Қарасай ауданы – 8 округ) халқын сумен жабдықтау бойынша іс-шаралар жүргізгені анықталды.
Сонымен қатар, екі ауданның халқын сумен қамтамасыз ету үшін әртүрлі су көздері пайдаланылған", - делінген хабарламада.
Жамбыл ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының түрғындарын сумен жабдықтау тарифы 50 пайыздан аса мөлшерге, яғни 41,73 теңгеден 26,23 теңгеге дейін төмендетілгені айтылды.
"Нәтижесінде, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының 30 мыңнан астам тұрғындарының құқықтары қорғалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Талғар ауданының прокуратурасымен аудан прокуратурасымен "Талғар Су" ШЖҚ МКК қызметінде белгіленген су тарифінің сақталуына талдау жүргізілген.
Нәтижелері бойынша, Талғар қаласы, Бесқайнар ауылы, Қотырбұлақ, Қызыл-Қайрат ауылдары су тарифінің сметалық құнына "Талғар Су" ШЖҚ МКК теңгерімінде тұрмайтын каналды тазарту бойынша шығыны негізсіз енгізілгені анықталды.
Аталған заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде тариф куб үшін 5 теңгеге төмендетіліп, 65000 тұрғынның құқығы қорғалғаны айтылды.
барлық дауыс: 5158
дауыс мұрағаты