Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 20.06.2023
Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданына қарасты Жаңажол ауылына таза ауызсуы жеткізілді. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы тұрғындарды тіршілік нәрімен қамту мақсатында қосымша ұңғыманы іске қосты. Нәтижесінде, ауылға орталықтандырылған су құбырын тарту мәселесі түпкілікті шешімін тапты. Жаңажол ауылы Қарқаралыдан 60 шақырым қашықта орналасқан. Тұрғындардың негізгі күнкөрісі ата кәсіппен, қала берді егіншілікпен тығыз байланысты. Орталықтандырылған су жүйесінің жоқтығы шаруашылыққа тұсау болғаны рас. Ауыл халқы ауыз суды қаладан тасып ішті. Владимир Яблонский, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры: - Біз көмек қолын создық, оған қуаныштымыз. Әрине, ауыл халқы үшін инфрақұрылымның, соның ішінде су мен жарықтың болуы, жолдардың сапалы салынуы бәрінен маңызды. Өйткені, олар мал өсіріп, азық-түлік өнімдерін өндіру арқылы аймақтың дамуына зор үлес қосып отыр. Ұңғыманы қазу – «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қолға алған ауқымды істердің бір парасы ғана. Алдағы бір айдың көлемінде айналаны қоршау, электр желісін тарту, сорғы қою және су беруге арналған модульді ғимарат салу жұмыстары жүргізілмек. Келешекте ауыз суды әр үйге кіргізіп беру мәселесі де шешімін табуы мүмкін. Тәулет Терлікбаев, Жаңажол ауылының тұрғыны: - Қазір сараптаманың нәтижесін күтіп отырмыз. Бірақ, суды ішіп көрдік, сапасы бұрынғыға қарағанда едәуір жақсы екенін байқадық. Қарқаралы ауданы әкімі мен АрселорМиттал Теміртау компаниясына алғысымыз зор. Леонтий Русанов, "Өркен" ЖШС өкілдігінің директоры: - Қарқаралы ауданындағы Кеңтөбе кенішінде 420 адам еңбек етеді. Олардың 90 проценті жергілікті тұрғындар. Сондықтан, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өз жұмысшыларына көмек беріп жатыр деп сеніммен айтуға болады. Ұңғыманың өндірістік қуаты әр сағат сайын 43 текше метр су алуға жеткілікті. Қазір судың сапасы тиісті сараптамадан өтіп жатыр.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
41.0%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты