Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.06.2023
Су құбыры желілеріндегі су кеткен жерлерді анықтау ісі кез-келген мекеме үшін маңызды тұс. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де жер астынан өтетін құбырлардан су кету және оның екпінін анықтау, табу, қалпына келтіруге тиісті әдістемелерді дер кезінде қолдануды басты мақсат санайды. Жүйеде су қысымы күрт төмендесе, желінің бір жерінен су кеткенін аңғаруға болады. Бұл өзгеріс - қысым датчиктерінен бақылау деректері көрінетін басқару бөлмесіндегі орталық мониторда бірден көрінеді. Осыдан соң, нақты қай жерден су ағып жатқаны айнықталады. Мұны желілерде орнатылған есептегіш құралдарынан да анықтауға болады: яғни, орамдық, көше және жалпы үйішілік су есептегіл құралдары арқылы. Яғни, шартты А және В нүктелері арасындағы су көлемінің айырмашылығы анықтағаннан кейін су ағып жатқан орынды нақтылау үшін орталық диспетчерлік қызметтің мобильді зертханасының мамандары жұмысын бастайды. Олар заманауи жабдықтың көмегімен су кеткен нүктені біле алады. Жақында бұл бөлім жаңа құрал –инфрадыбысты суанықтағышын алды.
Бауыржан Шойынбаев 1-ші санатты инженер
"Бұл құрылғы құбырдағы ағып кетуді немесе
жарылысты дәл анықтауға арналған. Ағын іздегішті" Seba " компаниясы
шығарған, ол инфрақызыл принципі бойынша жұмыс істейді. Ағып кету анықталғаннан
кейін нүктелік қазба жұмыстары жүргізіледі, яғни операциялық қызметтер
проблемалық орынды табу үшін бүкіл желіні ашудың қажеті жоқ. Бұл тәсіл
кәсіпорын үшін де, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін де тиімді".
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты