Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.06.2023
18-ші шағын ауданда су құбыры желілері жаңартылып жатыр
Шымкентте тозығы
жеткен су құбырлары мен кәріз желілерін жаңарту жұмыстары жалғасуда.
"Шебер-2" мердігер мекемесі 18-ші шағын ауданда су құбырын жаңартуды
қолға алған. Қайта құру жұмыстарының құны 110 миллион теңгені құрады.
Ержан Сүлейменов
Шебер-2 " ЖШС директорының орынбасары
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тапсырысымен
біздің компания қаладағы 18 шағын ауданда су құбыры желілерін
реконструкциялауды жүргізіп жатырмыз. Жаңартылатын құбырдың ұзындығы-1800 погонный
метр. Жұмыс барысында біз 40 ысырманы ауыстырдық, 5 жер үсті гидранттарын
орнаттық. Жаңартылған
құбырдың сапасы тексерілді,
қажетті сынақтар жүргізілді".
Жұмыстардың барысын Еңбекші аудандық су арнасының бастығы Мұрат Оспанов
мұқият қадағалайды. Себебі, жұмыс
тапсырылғаннан кейін жаңартылған су құбырларының жарамдылығына ол басқаратын мекеме жауапты. Сондықтан құбырды
қабылдау мәселесіне жауапкершілікпен қарайды.
Мұрат
Оспанов Еңбекші аудандық су арнасының бастығы
"18 шағын ауданда мердігер ұйым орамішілік су құбыры
желісін қайта құру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтады. Қазір осы
желілерді қабылдау іс-шаралары жүргізілуде. Судың зертханалық талдаулары
жүргізілді, олар нормаға сай. Енді су сынақтары жүргізіліп жатыр. Желіге 10
атмосфераға дейін қысым жасалды және ол желіде бір тәулік бойы сақталады. Осынша
уақыт өткеннен кейін құбырдан су ағу және оған екпін беріп, тексеру
жүргізіледі. Егер ондай олқылықтар табылып жатса, жұмыс қабылданбайды".
Мердігерлер жұмыстың
бәрі тиісті деңгейде жүргізілетініне сенімді. Жуырда мердігер мекеме жолдағы
зақымдалған учаскелерді асфальтталуы тиіс. Шымкентте су құбыры және кәріз
желілерін жаңарту жұмыстары ары қарай жалғасады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты