Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 25.06.2023
Филиппин үкіметі тұрғындарды суды үнемдеуге шақырды, деп хабарлайды Хабар24. Құрғақшылық салдарынан елде су тапшы. 4 қоймадағы су деңгейі айтарлықтай төмендеп кеткен. Мамандар бұдан ауыл шаруашылығы қатты зардап шегеді дейді. Қазірдің өзінде бірнеше егіс алқабы құрғап кеткен. Мамыр айында аптап ыстық болып, температура бағаны 50 градусқа дейін жетті. Метеорологтар мұндай жағдай қайталануы мүмкін деп ескертіп жатыр. Сервилло Давид, су ресурстары кеңесінің атқарушы директоры: - Үкімет, халық пен құзырлы мекемелер күш біріктіруі керек. Кешенді іс-шаралар жоспары қабылдануға тиіс. Суды үнемдемейінше, қазіргі қиын жағдайдан шығу мүмкін емес.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты