Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 25.06.2023
Атырау облысында суару мәселесін шешу үшін арналар жөнделіп жатыр,- деп хабарлайды "Хабар 24". Себебі, жергілікті шаруашылықтар үшін бұл – су тартудың жалғыз жолы осы. Су Жайық өзенінен 15 су құбыры арқылы алынады. Өңір бюджетінен арналарды жөндеуге қаржы соңғы бес жылда бөліне бастады. Нәтижесінде төрт канал толығымен тазаланды, тағы екеуінде "Бақсай" және "Есбол – Қазыбай"да жөндеу жұмыстары енді басталды. Жалпы, бұл жұмыстарға бір миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Нысандар келесі жылы тапсырылуы тиіс. Келісім-шарт бойынша "Төменгі жайық" кәсіпорны 117 шаруашылықты сумен қамтиды. Бір маусымда 80 миллион текше метр су жеткізуі міндетті. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң облыста егіс алқаптары мен жайылым жерлердің көлемі ұлғаюы мүмкін.
Бейбіт Бисеналиев, "Қазсушар" РМК "Төменгі жайық" өндірістік бөлімшесінің басшысы: - тоғыз канал арқылы Исатай, Махамбет және қала маңындағы жайылымдарды сумен қамтамасыз етеміз. "Есбол-Қазыбай" каналы 42 шақырым бойы су береді. Оның бойындағы шаруашылықтар егінін суарып, малын жаятын болады. Ал Бақсай-негізгі артерия. Ол арқылы су Жан Жанбай мен Манашқа өтеді.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.7%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.3%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты