Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 26.06.2023
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің ағынды су камерасына күнделікті 50-ге жуық ассенизаторлы автокөлік иелері өндірістік-тұрмыстық сарқынды су төгеді. Алайда, осы ассенизаторлар жеткізетін ағынды зертханалық бақылаудан өткізу кезінде кәсіпорынның сынақ зертханасы қызметкерлері бірқатар заңбұзушылықты анықтауда, яғни зиянды заттардың концентрациясы рұқсат етілген шамадан артып кетеді. Бұл - тазарту қондырғылары кешені аумағында жағымсыз иістің шығуына себеп. Бұдан бөлек, ҚР ҰЭМ №546 арнайы бұйрығында көрсетілгендей, қалалық кәріз желісіне сарқынды суды қабылдау бойынша қызмет көрсетушінің техникалық талаптарды бұзуына әкеп соғады. Қазіргі уақытта "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі ас-машиналардың иелерімен қосымша келісім-шарт түзуге кірісті. Енді олар тасымалдайтын ағынды су, қалдығының сапасына қатысты жауапкершілігі артады деген сөз
"Егер ассенизаторлы машиналардың иелері осы ережелерді бірнеше рет бұзса, сондай-ақ зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясынан асып кетсе, анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін оларға ағынды суды одан әрі ағызуға тыйым салынады. Яғни, әкелінген сарқынды суды қалыпқа келтіргенге дейін".
Өз кезегінде,
қосымша келісім-шарт, ассенизаторларды өз клиенттерімен тек заң аясында жұмыс
істеуге мәжбүрлейді. Ағынды судың қайдан әкелінгені, қалдықтардың мөлшері,
олардың аралық құрамы туралы деректердің дерлігі арнайы талонға енгізіледі. Осылайша,
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары заң бұзушыларды анықтап,
оларға тиісті шаралар көре алады.
Осы орайда,
кәсіпорын әкімшілігі қала тұрғындарынан қалалық канализация желісіне қалдық
ағынын төгетін ассенизаторлы машиналарға көңіл аударуды сұранамды. Егер мұндай
жағдайларды көре қалсаңыз, фото немесе видеоға түсіріп, "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС ДҚО-на +77081102121 нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз.
Немесе whatsapp-қа жазуға да болады.+77057581111.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты