Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 29.06.2023
Табиғи монополияны реттеу комитеті келіскен баға осындай. Тарифтердің өсуі немен байланысты? Жазды күні суға жарымайды, қақаған қыста үйлерін жылыта алмайды, ал кеш батса жарық жоқ. Алматының бірнеше ауданында жылда қайталанатын сценарий осындай. Әкімдік шешімін таппай келе жатқан бұл мәселені қаладағы желілердің әбден тозуымен түсіндіріп түр. Мәселен, жылу желілерінің 57 пайызы және электр желілерінің 97 пайызы ескірген. Ал оны жаңалаудың жалғыз жолы ретінде - тарифті көтеру.
Әсел Бөденеева, Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы: - Тарифті инвестицияға айырбастау бағдарламаны орындау шеңберінде тарифтер өзгертілді. Жылумен жабдықтау саласында 20 пайызға өсті, электр энергиясымен жабықтау 11 пайызға өскен.
Енді келесі айдан бастап тұрғындар жарыққа 450 теңге артығымен төлейтін болады. Ал, бір бөлмелі пәтеріңді жылыту үшін мың теңге болса, 3 бөлмеліліге 2400 теңге көбірек кетеді екен. Қымбатшылық мұнымен бітпеді. 1-ші шілдеден бастап тіршілік нәрі 15 пайызға қымбаттайды.
Серік Шәгіров, «Алматы су» МКК ресми өкілі: - 1ші шілдеден бастап Алматы тұрғындарына 1 шаршы метрге, яғни мың литрге судың бағасы 55 теңге 20 тиын болады. Қазіргі баға 48 теңге. Яғни 7 теңгеге тариф өседі. Кәріз қызметінің тарифі 29 теңге 74 тиын құрайды. Құбырларды ауыстыру ол біздің алматы тұрғындарына сапалы суды үздіксіз беру және аварияның көлемін қысқарту. Бұл баға тек тұрғындар үшін. Заңды тұлғаларға 1-ші шілдеден бастап судың тарифі 69 пайызға, кәріз тарифтері 89 пайызға қымбаттайды.
Экономистер бұл баға әлі де тоқтамай өсуі мүмкін деп отыр.
Андрей Чеботарев, Экономист: - Билік бағаны бірден көтермеу керектігін түсінді. Газ бен жанармайдың бағасын жәймендеп білдіртпей көтеріп жатқандай, енді ақырындап коммуналды қызмет тарифтері де қымбаттай береді. Су мен жарық тарифінің өсуі басқа бағаға да әсер ететіні сөзсіз. Кәсіпкерлердің көбі қызмет көрсету құнын өсіреміз деп қазірден-ақ дайын отыр.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.6%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5158
дауыс мұрағаты