Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 29.06.2023
Қаладағы Теріскей шағынауданындағы 59, 66, 67, 68-ші көпқабатты үйлердің аулаларында су құбырлары алмастырылып, құдықсыз ысырмалар мен гидранттар орнатылды. Инвестиция бағдарламасы аясындағы жұмыстарды «СРМ» кәсіпорнының тапсырысымен «BM PROGRESS» ЖШС жүргізді.
Бақыт Урманов «BM PROGRESS» ЖШС-інің инженері
«Қазір
қазба жұмыстары толық аяқталды. Гидранттар
мен құдықсыз ысырмаларды монтаждау жұмыстары
толық аяқталған соң жоғары қысымда10 атмосфералық гидравликалық сынақ жүргізіледі,сосын
пайдалануға беріледі.Жжұмыстардың жалпы құны 24 млн. теңге. 3 айда аяқтап
отырмыз».
Ұзындығы 400 метрді
құрайтын диаметрі 150 мм-лі орталық су құбырының жалпыүйлік су есептегішіне дейінгі бөлігі жаңаланды.
Жүйелі жұмыстардың сапалы орындалуы мамандармен қатар, қоғам белсенділері және
салалық сарапшылардың назарында.
Бегімқұл Төлентаев «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық
бірлестігінің төрағасы, Шымкент қаласы бойынша тариф саясаты мәселесі жөніндегі
Кеңестің табиғи монополиялар саласындағы тарифті реттеу бойынша аймақтық
комиссия өкілі
«Инвестиция, тариф – тұтынушылар
есебінен осының қалай орындалып жатқанын «СРМ» мекемесі бүгін көрсетіп отыр.
Мына Север шағынауданында 4 үйге су жеткізетін құбыр жаңартылып, гидранттар,
ысырмалардың жаңа, тиімді, қауіпсіз түрі орнатылып жатқанын көрдік. Жақсы
орындалған».
«BM PROGRESS» ЖШС мамандары ендігі кезекте қазылған жерлерді тегістеп,
асфальттауға кіріседі.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты