Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.07.2023
2023 жылдың қаңтар айында Қарасу шағынауданындағы бірнеше көпқабатты үйлерде су құбыры қатып қалғанын тұрғындар ұмыта қоймаған болар. Тіршілік көзінсіз қалған қалалықтарға "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері барынша қолдау көрсетіп, үйішілік желілердегі ақауларды жөндеді. Күндіз-түні апатты ретке келтіру бригадалары тынымсыз жұмыс істеп, қажетті ресурстар жұмсалды. Үйішілік желілердің қатып қалуының негізгі себебі-жертөлелер мен кіреберістер ашық-шашық, жылытылмаған күйде. Оқшауланбаған. Осы жағдай биыл да қайталанбас үшін қазірден бастап дилерлік учаскелердің қызметкерлері шаралар қабылдауда, түсіндіру жұмыстарына кіріскен.
Болат Есімхан
дилерлік учаске басшысы
" Қазір біз
пәтер иелеріне арнайы хабарламалар береміз-үй тұрғындарын қыс мезгіліне
дайындалуға шақырамыз. Оларға кіреберістерді, баспалдақ алаңдары мен
жертөлелерді оқшаулау қажет екенін ескертіп жатырсмыз".
Бұл шағынауданда,
көпқабатты үйлерде өзін-өзі басқару органдары жүйесі құрылмаған, сондықтан, қысқы
маусымға дайындық жүргізу жүйелі болмасы анық. "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі қала тұрғындарынан осы мәселені
түбегейлі шешуге жауапкершілікпен қарауды сұрайды және үйішілік желілер үй
тұрғындарының ортақ меншігі болып табылатынын, жүйенің жарамды күйде болуына,
пайдаланылуына өздері жауапты екенін тағы да ескертеді. Шымкенттіктерден қысқы
суыққа барынша дайындалып, жауапкершілік танытуды сұранады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты