русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 04.07.2023

Жастарды, болашақ мамандарды кәсіпорынның мақсаты және қызметімен Бас директордың орынбасары Жанатбек Тұрдалиев жіті таныстырды. Ол студенттерге "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің алдында тұрған міндеттер мен оны орындаудағы ауқымды жұмыстары туралы айтып берді. Жанатбек Үсіпұлы кәсіпорынның жетістіктеріне де тоқталды.

Жанатбек Тұрдалиев   "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының орынбасары

Қазақстан бойынша біздің тәжірибеміздің деңгейінде республикалық семинарлар ұйымдастырылды... 

Расында,"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру саласында жәйден-жәй көшбасшы кәсіпорын ретінде танылып отырған жоқ. Кәсіпорын тәжірибесін танып, зерделеу үшін Шымкентке тек еліміздің мамандары ғана емес, алыс, жақын шет елдерден де әріптестер жиі келеді. Бүгінгі таңда "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өз тәжірибесінде заманауи, озық салалық технологияларды қолданатын кәсіпорын, өндіріс процестерінің басым бөлігі цифрландырылған. Ары қарай дамыту үшін білікті кадрлар қажет. Сондықтан кәсіпорын әкімшілігі сумен жабдықтау және су бұру саласына, ондағы жұмыстарды меңгеруге құлшынысы бар, өзін осы жұмысқа арнағысы келетін, тәжірибелі маман болғысы келетін түлектерді жұмысқа қабылдауға дайын. Жастар кәсіпорын мұражайында да болды. Сондай-ақ, олар диспетчерлік қызмет орталығы мен сынақ зертханасының жұмысымен танысты.

Жанатбек Тұрдалиев   "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының орынбасары

Лас суды, пайдаланылған суды тазартатын кешен жұмысы туралы...

Жансая Ибадулла 

М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің 3 курс студенті

Қазіргі таңда біз диплом алуға дайындалып жатырмыз...

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де жастармен жоспарлы, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жас қонақтар - оқушылар мен студенттер - кәсіпорынға жиі келеді. Экскурсиялар барысында олар Шымкентті сумен қамтып, пайдаланылған ағынды суды тазартумен айналысатын кешен, аталған күрделі процесстер туралы жаңа мағлұматтар біліп, болашақ мамандықты таңдауға бағыт алады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары