Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.07.2023
Онлайн режиміндегі
кезекті қоғамдық қабылдау 2023 жылдың 4 шілдесінде өтті. Қала тұрғындары
коммуналды салаға қатысты сауалдарын ҚР ҰЭМ Шымкент қаласы бойынша
департаментінің Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунты арқылы қоюға мүмкіндік
алды. Тікелей эфирге коммуналды қызметтерді жеткізуші компаниялардың, қоғамдық
ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері қатысты. Іс-шараның модераторы Табиғи
монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша лепартамент басшысы
Дархан Қайынбердиев болды.
Тұтынушылардан
коммуналды салаға қатысты бірнеше сұрақтар келіп түсті, департамент басшысы,
сондай-ақ жауапты кәсіпорын өкілдері жауап берді. "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің қызметіне қатысты бір сұрақ қойылды. Ол -
суды тиімсіз пайдалану, яғни, жалпыүйлік су есептегіш құралындағы көрсеткішке
қатысты сұрақ. Қазіргі таңда түсініктеме дайындалуда. Қоғамдық қабылдау
барысында Дархан Қайынбердиев тұтынушылармен әлеуметтік желілер арқылы байланыс
жұмыстарын күшейту қажеттігін тағы да ескертті. Түсіндіру материалдарын ұсыну, мысалы,
суды, жарықты, газды өшіру туралы ақпаратты уақтылы жариялау, әлеуметтік желі
арқылы түскен шағым-өтініштерге баса назар аудару қажеттігі айтылды.
Егер сіздің
тарапыңыдан "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар
болса, оларды кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттары арқылы қоя
аласыз. Сіз WhatsApp арқылы да өтініш жаза аласыз: нөмірі +77057581111. Сумен
жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану мәселелері бойынша "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне келесі нөмірлер
бойынша жүгіне аласыз: 8(7252) 321-274; ватсап желісі +77081102121 (whatsapp)
нөмірінде бар.
барлық дауыс: 5545
дауыс мұрағаты