Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.07.2023
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары қала тұрғындарының, яғни тұтынушылар арасында көпқабатты үйлердің ішкі жүйесін қысқы мезгілге дайындаудың маңыздылығын түсіндіруде. Бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасып отыр. Десек те, осы маңызды тұсқа жауапкершілікпен қарайтын тым аз. Көптеген көпқабатты үйлерде өзін-өзі басқару органдарын құру былай тұрсын, үй комитеттерінің төрағалары да жоқ. Адамдар инженерлі инфрақұрылым мәселесіне немқұрайлы қарайды және әрбірі мәселені өздігінше шешеді. 12 шағынауданда да тура солай.
шағынаудан тұрғыны
«Иә, бізде әркім мәселені өзінше шешеді. Мысалы, менің жолдасым
қыс түсе кіреберістегі терезелерді бітеп тастайды, бірақ жазда оны балалар
жұлып тастайды. Көршілердің көбіне ештеңе қажет емес. Қазір бәрі пәтерлерін жалға
береді, ал пәтер жалдайтындардың басы ауырмайды, оларға бәрібір».
Мұндай жағдай Айбергенов
көшесіндегі үйлерге де таңсық емес. Өткен қыста көпқабатты үйлердің бірінде
құбырлар қатып, апат болды. Алайда, ол жағдай көп тұрғынға сабақ болмаған
сыңайлы. Қазір дилерлік ұйым өкілдері шағынауданда түсіндіру жұмыстарын
жүргізуде.
Мақсат
Батырханов дилерлік учаскенің басшысы
«2023 жылдың
қаңтарында Айбергенов көшесіндегі 1б үйде үйішілік су құбыры желілері қатып
қалды. Біздің бригада қатқан құбырды жібітіп, бәрін ретке келтірді. Оған біраз
уақыт кетті. Ішкі жүйенің қатып қалған себебі: кіреберіс есіктері жабылмайды, баспалдақ
алаңдарында әйнектер жоқ. Қысқасы, үй қысқа дайындалмаған. Қазір де, көріп
отырғанымыздай, жағдай өзгермеген". Алдағы қыста сол жағдайдың
қайталанбайтынына кепілдік жоқ».
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі шымкенттіктер, көпқабатты үй
тұрғындарының өзі үйдегі инженерлі желілердің меншік иесі екенін тағы да ескертеді.
Инфрақұрылымды қысқы маусымға дайындауға тұтынушылардың өзі жауапты.
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты