Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 11.07.2023
Бұған дейін Жібек жолы, Бота-мойнақ, Сары-барақ пен Тегістік ауылдарында орталықтандылыған ауызсу желісі болмаған. 2 мыңнан аса халық таза суға қол жеткізді. Жібек жолы ауылына орталықтандырылған ауыз су жүйесі 381 млн теңгеге кіргізілді. Қазір ондағы 90 үйдің ауласына дейін су желісі жеткізілген. Ауыл жағдайының жасалып жатқанына тұрғындар разы.
Жібек жолымен қатар тағы 3 ауылда су тарату станциялары іске қосылды. Жалпы Байзақ ауданында биыл 9 елді мекен таза сумен қамтылмақ. Оған бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінді.
Жарқынбек Шоғалов, Байзақ аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы: - 2025 жылға дейін Қазақстан бойынша толық елді мекендер сумен қамтылу барысында бізде мынау Жаңасаз, Төрткүл, Шахан, Қайнар деген 4 елді мекен бар. Осы 4 елді мекенге 25 жылға дейін құрылыс жұмыстарын жүргізіп, амандық болса 2025 те 100 пайыз сумен қамту жұмысы аяқталады. Одан бөлек мынау 43 елді мекенде 100 пайыз қазір газбен қамтылды. Жалпы Жамбыл облысындағы 367 елді мекеннің 285-інде таза ауыз су бар. Жауаптылар 2025 жылға дейін қалған 82 ауылға орталықтандырылыған су желісін кіргізуді жоспарлап отыр.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.6%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.8%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.9%
БАҚ
14.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5678
дауыс мұрағаты