Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 11.07.2023
Сумен жабдықтау қызметін ұсынуға арналған үлгі шарттың 3-тарауының №8-тармағына сәйкес, су беру келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) авариялық жағдайларда
немесе азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төнгенде;
2) Өнім беруші
желісіне абонент өз бетінше қосылған жағдайда;
3) Есепті кезеңнен
кейінгі екі ай бойы көрсетілген қызмет үшін ақы төленбеген жағдайда;
4) Абонент өнім
беруші мекеме өкілдерін көрсеткіш алу, жұмыс істеп-істемей тұрғанын тексеру,
аумақта орналасқан немесе шаруашылық жүргізуде сумен жабдықтау және су бұру
жүйелерінің барлық элементтерінің техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау
үшін сарқынды судың сынамаларын алуға, суды есепке алу аспаптарына бірнеше рет
жібермеген жағдайда;
5) Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарына негізделген құбырларға дезинфекция
жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда;
6) Нормативтік
құқықтық актілерде және тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда.
Осы тармақтың 1)
және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті тоқтату
бірден іске асырылады. Осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген
жағдайларда тұтынушыға қызмет көрсетуді тоқтатқанға дейін абонентке кемінде бір
ай бұрын ескертіледі.
Тұтынушының сумен
жабдықтау қызметін ерікті негізде тоқтата тұру мүмкіндігі бар. Мысалы, пәтер
иелері ұзақ уақыт бойы үйден алысқа кететін болса, су ағудың алдын-алып
өшіруіне болады. Ондай жағдайда үй иесі дилерлік учаскеге барып, сумен
жабдықтау қызметін уақытша тоқтата тұруға байланысты өтініш жазады.
Назар аударыңыздар,
суды қайта қосатын кезде дилерлік учаскенің өкілінің "Сумен жабдықтауды
ажырату-қосу" қызметіне ақы төлеу қажет. Оның құны 1446 теңгені құрайды.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты